Ешбір камераға түспеген: Павлодарда әйел жоғалып кетті
Павлодарда әйел жоғалып кетті. Қырмызы Сарбасова ешбір камераға түспеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita ұйымына әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
"Ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірісті. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады", - деп хабарлады ұйым.
Алайда ол ешбір камераға түспеген.
"Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (WhatsApp)", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан