"Еш себепсіз". Алматыда ер адамның әйелді бір ұрып құлатқан сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда белгісіз біреудің әйелді ұрған сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның әйелге шабуыл жасап, ұрған сәтінен бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар жарияланды. Онда ер адам әйелді бетінен бір ұрып құлатады.

Бейнежазбаға қарағанда, оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесі қиылысындағы үйлердің бірінің ауласында орналасқан көкөніс сататын дүңгіршек маңында болған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қалалық Полиция департаментіне жүгінді. Кейінірек олар бұл дерек бойынша тергеуді бастағанын хабарлады.

"Әуезов аудандық полиция бөліміне Алматы тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, 1992 жылы туған бейтаныс азамат оны еш себепсіз ұрған.

Бұл дерек тіркелді. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!