- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есігі қасықпен ашылады:...
Есігі қасықпен ашылады: Қызылорда облысында адамшошырлық жедел жәрдем көлігі неге қолданыстан шығарылмаған?
Депутат, блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде ауылдардың біріндегі адамшошырлық жедел жәрдем көлігінің видеосын жариялаған болатын. Оның сөзінше, оқиға Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл ауылында болған. Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде жарияланған кадрларда жедел жәрдем көлігінің терезесі жоқ екені, алдыңғы терезесі көрпешемен жабылғаны, тіпті медицина қызметкерлері көліктің алдыңғы есігін қасықпен ашып жатқаны көрінеді. Видеодағы адам көліктің жағдайы қашан шешілетінін сұраған.
Аудандық көпбейінді орталық аурухана мәліметінше, Сексеуіл кентіндегі санитариялық медициналық жедел жәрдем көліктері 2008, 2014 және 2017 жылдардан бастап берілген.
"Әлеуметтік желіге жүктелген бейнематериалдағы көлік емхана көліктерінің уақытша істен шығуына байланысты аумақтағы халыққа медициналық көмек жалғасын табу мақсатында берілген жедел жәрдем көлігі болатын. Қазір емхананың көліктері жөндеуден өтті. Аудан ауруханасына биыл 3 санитариялық медициналық көлік қарастырылып, оның 1 данасы Сексеуіл медициналық ұйымына берілу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта уақытта оңтайлы шешімін табатынын жеткіземіз", - делінген Massaget.kz-ке аурухана жауабында.
Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Мұқаев жедел жәрдем көлігінің адамшошырлық видеосын жариялағаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неге сабақ оқығысы келмейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова