Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
Фото: gov.kz

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін қаржы мамандығы бойынша, сондай-ақ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы және құқық саласында білімі бар.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Әр жылдары елорда әкімі аппаратында қызмет етіп, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімді басқарды. Кейін Президент әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

2019 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды. Кейін Астана әкімі аппаратын басқарды. Сондай-ақ, Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы қыркүйектен бастап Астана әкімінің орынбасары болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget