Ғылым және білім министрлігі грант иегерлерінің тізімін жарияланды. Министрлік мәліметінше, биыл "стоматология" мамандығына сұраныс көп болған. Бір орынға 35 талапкер таласқан. Бұдан басқа қандай мамандықтар биыл сұранысқа ие? 2025 жылы кімдерге басымдық беріледі? Жасанды интеллектің дамуына байланысты қандай мамандықтар пайда болады? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Ғылым және білім министрлігінің мәліметінше, бір гранттық орынға ең үлкен конкурс "Стоматология" бойынша болды. Бұл мамандыққа 35 талапкер бір орынға таласты.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадр қажеттілігін ескере отырып, 2024-2030 жылдары қандай мамандықтар тапшы болатынын анықтады.
Сарапшылар пікірінше, ең "қажет": есепшілер, күзетшілер мен инкассаторлар, жүргізушілер, мұғалімдер, орта медициналық қызметкерлер және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиешілер.
Сарапшылар сөзінше, мегаполистерде урбанизация және халықтың шоғырлануы жалғасады. Осылайша, жалдамалы жұмыскерлерге ең үлкен сұраныс Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болжанады.
Massaget.kz тілшісі ChatGPT жасанды интеллектісінің көмегімен биыл қазақстандықтарға қажет мамандықтар тізімін құрастырды.
Massaget.kz тілшісі ЖИ-ге қатысты PhD докторант, AI зерттеу курсының авторы Нұржан Мұхтарұлымен сұхбаттасты.
- Жасанды интеллекттің қандай салаларда кеңінен қолданылады?
"Жасанды интеллект медицина, қаржы, өндіріс, логистика, білім беру, автопилоттық жүйелер, климат, қоршаған орта, болжам жасау, кеңес беру сынды неше түрлі салада қолданылады. Жасанды интеллектің ең мықты тұсы - үлкен деректерге жылдам анализ жасау. Сәйкесінше, сол арқылы автомат түрде шешімдер ұсына алады", - дейді ол.
- ЖИ қарқынды дамуы кей мамандардың жұмыссыз қалуына әсер етеді. Бұл жағдайда адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда бола ма?
"Иә, адамдарға жаңа мүмкіндер пайда болады. Музыка, сурет, мәтінмен жұмыс істеу, анализ жасау сынды салаларда адам қысқарғанымен, жаңа мамандықтар пайда болады. Мысалы, ChatGPT-дің пайда болуымен қатар Prompt Engineer деген мамандық шықты. Ол сауалды дұрыс жасай алатын, ChatGPT-дің қыр-сырын меңгерген адам. Бұрын ондай мамандық мүлдем болмаған. Жасанды интеллект адам өмірін жеңілдету, үнемдеу арқылы шынымен көп маманның орнын басып жатыр. Тіпті IT-саласындағы мамандардың орнын басады, себебі ChatGPT сияқты платформалар кодты да өздері жасай алады. Бұл - кез келген адам код жазып, сайт құрай алады деген сөз. Бәрібір жаңа мамандықтар пайда болады", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!