Есепші, автобус жүргізушісі және ЖИ маманы. Келер жылдары қай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Есепші, автобус жүргізушісі және ЖИ маманы. Келер жылдары қай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Фото: © elements.envato.com

Ғылым және білім министрлігі грант иегерлерінің тізімін жарияланды. Министрлік мәліметінше, биыл "стоматология" мамандығына сұраныс көп болған. Бір орынға 35 талапкер таласқан. Бұдан басқа қандай мамандықтар биыл сұранысқа ие? 2025 жылы кімдерге басымдық беріледі? Жасанды интеллектің дамуына байланысты қандай мамандықтар пайда болады? Толығырақ Massaget.kz материалында. 

Ғылым және білім министрлігінің мәліметінше, бір гранттық орынға ең үлкен конкурс "Стоматология" бойынша болды. Бұл мамандыққа 35 талапкер бір орынға таласты.  

  • "Халықаралық қатынастар және дипломатия" (11 адам);
  • "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" (10 адам);
  • "Аударма ісі" және "Психология" (9 адам) болды.

Алдағы жылдары қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадр қажеттілігін ескере отырып, 2024-2030 жылдары қандай мамандықтар тапшы болатынын анықтады. 

Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар пікірінше, ең "қажет": есепшілер, күзетшілер мен инкассаторлар, жүргізушілер, мұғалімдер, орта медициналық қызметкерлер және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиешілер.

  • Есепшілер - 93 мың адам;
  • Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер - 77 мың адам;
  • Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері - 77 мың адам;
  • Жүргізушілер мен автокөлік жүргізушілері - 44 мың адам;
  • Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері - 35 мың адам;
  • Күтім бойынша орташа медициналық персонал - 33 мың адам;
  • Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер - 32 мың адам;
  • Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері-31 мың адам;
  • Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) - 30 мың адам;
  • Бастауыш сынып мұғалімдері - 26 мың адам;Мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бірінші басшылары - 24 мың адам;
  • Жылжымайтын мүлікпен және басқа мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер - 24 мың адам;
  • Жүк көлігінің жүргізушілері - 24 мың адам;
  • Такси жүргізушілері - 19 мың адам;
  • Аспаздар - 19 мың адам;
  • Дәнекерлеушілер - 17 мың адам;
  • Фастфудтан басқа тез тамақтану мекемелеріндегі аспаздар - 17 мың адам;
  • Басқа орта мектеп мұғалімдері - 16 мың адам;
  • Құрылыс бөлімшелерінің басшылары - 15 мың адам;
  • Шаштараздар - 13 мың адам;
  • Құрылысшылар-монтажшылар, құрылысшылар-әрлеушілер, суретшілер үстіндегі бригадирлер - 13 мың адам;
  • Сантехниктер - 13 мың адам;
  • Математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері - 12 мың адам;
  • Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар - 12 мың адам;
  • Автобус жүргізушілері - 12 мың адам.

Қай қалаларда маман жетіспеушілігі сезіледі?

Сарапшылар сөзінше, мегаполистерде урбанизация және халықтың шоғырлануы жалғасады. Осылайша, жалдамалы жұмыскерлерге ең үлкен сұраныс Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болжанады. 

Жасанды интеллект пікірінше қай мамандықтар сұраныста болады?

Massaget.kz тілшісі ChatGPT жасанды интеллектісінің көмегімен биыл қазақстандықтарға қажет мамандықтар тізімін құрастырды. 

  • IT-мамандар: бағдарламашы, киберқауіпсіздік маманы;
  • Инженерлер: құрылысшы инженер, инженер-механик;
  • Медициналық қызметкерлер: дәрігерлер, мейірбикелер, фельдшерлер; 
  • Мұғалімдер: STEM-білім беретін мұғалімдер; 
  • Қаржыгерлер мен бухгалтерлер: аудиторлар, салық кеңесшілері; 
  • Маркетологтар: сату мамандары; 
  • Логистер; 
  • Заңгерлер: адвокаттар мен заң аясындағы кеңесшілер; 
  • Экология мамандары; 
  • Құрылыс мамандары: архитекторлар, жобалаушылар. 

elements.envato.com

Жасанды интеллектінің дамуы арқылы қандай мамандық пайда болады?

Massaget.kz тілшісі ЖИ-ге қатысты PhD докторант, AI зерттеу курсының авторы Нұржан Мұхтарұлымен сұхбаттасты. 

- Жасанды интеллекттің қандай салаларда кеңінен қолданылады?

"Жасанды интеллект медицина, қаржы, өндіріс, логистика, білім беру, автопилоттық жүйелер, климат, қоршаған орта, болжам жасау, кеңес беру сынды неше түрлі салада қолданылады. Жасанды интеллектің ең мықты тұсы - үлкен деректерге жылдам анализ жасау. Сәйкесінше, сол арқылы автомат түрде шешімдер ұсына алады", - дейді ол.

- ЖИ қарқынды дамуы кей мамандардың жұмыссыз қалуына әсер етеді. Бұл жағдайда адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда бола ма?

"Иә, адамдарға жаңа мүмкіндер пайда болады. Музыка, сурет, мәтінмен жұмыс істеу, анализ жасау сынды салаларда адам қысқарғанымен, жаңа мамандықтар пайда болады. Мысалы, ChatGPT-дің пайда болуымен қатар Prompt Engineer деген мамандық шықты. Ол сауалды дұрыс жасай алатын, ChatGPT-дің қыр-сырын меңгерген адам. Бұрын ондай мамандық мүлдем болмаған. Жасанды интеллект адам өмірін жеңілдету, үнемдеу арқылы шынымен көп маманның орнын басып жатыр. Тіпті IT-саласындағы мамандардың орнын басады, себебі ChatGPT сияқты платформалар кодты да өздері жасай алады. Бұл - кез келген адам код жазып, сайт құрай алады деген сөз. Бәрібір жаңа мамандықтар пайда болады", - дейді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек