Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты Үкімет жұмысының басым бағыттарын айқындап бергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Премьер-министр орынбасарларына барлық тапсырманың орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды.
"Президенттің сұхбаты таяу болашақта біздің алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік орган, ұлттық компания оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс істеуі керек. Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі - бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз", - деді Олжас Бектенов.
Еске салайық, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова