Есеп бермейсіз, ЖТС төлемейсіз: жаңа режимнің тиімді тұстары айтылды

Есеп бермейсіз, ЖТС төлемейсіз: жаңа режимнің тиімді тұстары айтылды
Фото: depositphotos.com

2026 жылдың алғашқы 10 күнінде жаңа Салық кодексі аясында 66 мың қазақстандық өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режиміне өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл азаматтар жеке кәсіпкерді тіркеусіз қызмет атқарған, енді олар өзін-өзі жұмыспен қамтудың жаңа субъектілеріне айналды және заңды және қажетсіз әкімшілік рәсімдерсіз жұмыс істейді.

"Мұндай нәтиже 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін енгізудің арқасында мүмкін болды. Бұл өз бетінше жұмыс істейтін және жеке еңбегінен табыс табатын жеке тұлғалар үшін қарапайым және ыңғайлы салық режимі", - делінген хабарламада. 

Режим кімге арналған?

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;
  • жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайды;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысады (2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулы);
  • айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс алады (2026 жылы – шамамен 1,3 млн теңге).

​Режимнің негізгі артықшылықтары

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар:

  • ЖК ретінде тіркелуге міндетті емес;
  • табыс салығын төлемейді (ЖТС мөлшерлемесі - 0%);
  • әлеуметтік төлемдерді табыстың 4% ғана төлейді, оның ішінде 1% - МЗЖ, 1% - ЖБМЗЖ, 1% - әлеуметтік аударымдар, 1% - МӘМС;
  • салық есептілігін тапсырудан босатылған;
  • "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді, онда чектер қалыптастырылады (БКМ қолданусыз) және әлеуметтік төлемдер автомат түрде есептеледі;
  • интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген кезде чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы қалыптастырады, ұстайды және аударады.

Қосымша:

  • режимді қолдану туралы хабарлама жіберудің қажеті жоқ;
  • режимнің басталу күні қосымшада бірінші чекті қалыптастыру сәті болып саналады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget