"Жайдарман" ойындарының жүргізушісі әрі бұрынғы басшысы Есен Елеукеннің отбасында той болып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Есен Елеукен алғаш рет отбасылық суретін жариялады.
Оның айтуынша, биыл әйелі екеуі күміс тойын атап өтіп жатыр екен.
"Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім, отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше, ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын", - деп жазды Есен Елеукен әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Жайдарманның" жүргізушісін қуанышымен құттықтап, жақсы тілек пен әзіл жазып жатқан желі қолданушысы көп.
Еске салайық, жақында "Жайдарманға" жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!