Есен Елеукен, Динара Сәтжан. Тоқаев берген ауызашарға кімдер барды?

Бүгін, 7 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ауызашар берді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, мәдениет қайраткерлері, құтқарушылар, еңбек адамдары қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универсиетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Премьер-министр Әлихан Смайылов және жазушы-драматург Роза Мұқанова және айтыс ақыны Аманжол Әлтаев бірге ауыз ашқан.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы баспасөз хатшысы, "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли мен "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Танысбай және журналист, блогер Динара Сәтжан бір дастарханда отыр.

 Тағы бір үстелге театр және кино актері, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды және Мәжіліске Amanat партиясынан жаңадан сайланған депутаттар Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев, Respublica партиясынан өткен Айдарбек Ходжаназаров жайғасқан. Олар депутат төсбелгісін тағып келген, ал Дәулет Мұқаев ауызашарға тақия киіп келген.

Ауызашарға "Қазақстан КВН Одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен де барған.

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те Ақордағы ауызашарда жүр. Ол көпшіліктің алдында сөз де сөйлеген.

 

Тағы бір фотодан экс-министр, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Аида Балаеваның басына орамал тағып, қол жайып отырғанын көруге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!