• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Жамаубаев туралы не белгілі?

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

1996-1998 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы;

1998-2014 жылдары - ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры;

2014-2015 жылдары - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының басқарушы директоры;

2015-2018 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;

2018-2019 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі;

2019-2020 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2020-2022 жылдары -  ҚР қаржы министрі;

2022-2024 жылдары - ҚР премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі;

2024 жылғы 20 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget