- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ертісте су деңгейі...
Ертісте су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар эвакуацияланды
Ертісте су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің су деңгейі - 457 см.
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, Семейдегі Бейбітшілік аралынан 11 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ эвакуацияланған адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Мамандар әр 2 сағат сайын су деңгейін өлшеуге мониторинг жүргізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина