- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ертіс Орманы" табиғи...
"Ертіс Орманы" табиғи резерваты басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды
Павлодарда "Ертіс Орманы" табиғи резерваты басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, сот оған 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын кесті. Себебі, шенеунік орманды отаушылардан 1 миллион теңге көлемінде пара алған. Ал қомақты қаражатты жеке мақсатында пайдаланыпты.
Бұнымен келіспеген орынбасар сотқа аппелациялық шағым түсірген. Алайда, сот ол шағымды өзгеріссіз қалдырды.
Шенді бас бостандығын шектеу жазасынан бөлек, орман шаруашылығында 2 жыл басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін ТЖМ Орман шаруашылығы қызметкерлері "Ертіс Орманы" орманшылығындағы өртті сөндіріп жатқанын хабарлаған болатын.
6 шілдеде сағат 10.05-те Шарбақты ауданындағы "Ертіс-Орманы" орманшылығында (Шалдай орманшылығы, №107 орам) ауданы шамамен 1,4 гектар құрғақ шөп жанды.
Орман шаруашылығының 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы периметрі бойымен жерді жыртып, өртті қоршады. Елді мекендерге өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті орман шаруашылығы күштері сөндіріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина