Павлодар облысында "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағындағы орман өртіне қатысты жаңа ақппарат шықты. Оның аумағы 600-ден 850-ге жуық гектарға дейін ұлғайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Павлодар облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 329 адамы мен 101 техникасы, су төгетін құбырлары бар екі МИ-8 ұшағы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бір "Еврокоптері" жұмылдырылған.
"Сағат 5:13-те Семейден Қорғаныс министрлігінің екі су төгетін МИ-17, МИ-171 ұшағы келді. Сағат 7:30-да nөтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аймақты бақылап шықты. Өрттің белсенді фазасы Бауыртау орманшылығының 98-ші орамында болып жатыр", - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін "Ертіс орманы" орманшылығында шыққан өрттің Ресей Федерациясына өту қаупі бары айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!