- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ертіс орманы" орманшылығында...
"Ертіс орманы" орманшылығында шыққан өрттің Ресей Федерациясына өту қаупі бар
Өртсөндірушілер "Ертіс орманы" орманшылығының өртін сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 шілде сағат 14:30-да Шарбақты ауданында, "Ертіс орманы" МОТР ММ аумағында (бұл дала орманшылығы) орман өрт болған.
Жедел түрде ТЖД мен орман шаруашылығы қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Өртті сөндіруге жеке құрамның 110-ға жуық адамы және 30-дан астам техника жұмылдырылды. Ресей Федерациясына өрттің өту қаупі бар.
Өрттің болжамды ауданы 400 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өртсөндірушілердің жұмысын ыстық, құрғақ ауа-райы және қатты жел қиындатып жатыр. Жағдайды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асаин Байханов пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы ұшып кетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина