Орман шаруашылығы қызметкерлері "Ертіс Орманы" орманшылығындағы өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 шілдеде сағат 10.05-те Шарбақты ауданындағы "Ертіс-Орманы" орманшылығында (Шалдай орманшылығы, №107 орам) ауданы шамамен 1,4 гектар құрғақ шөп жанды.
Орман шаруашылығының 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы периметрі бойымен жерді жыртып, өртті қоршады. Елді мекендерге өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті орман шаруашылығы күштері сөндіріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!