Сиань Цзяотун университетінің медициналық ғылыми орталығының зерттеушілері еритін кофе ішу әдеті қартаюдың биомаркері ретінде қызмет ететін ДНҚ-ның маңызды соңғы бөліктері - теломерлердің ұзындығына әсер етуі мүмкін екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеу нәтижелері PubMed порталында жарияланған.
Зерттеу барысында ғалымдар 468 мыңнан астам адамның тамақтану әдеттері мен теломер ұзындығы жайлы мәліметтерге анализ жасады. Дәлірек талдау үшін себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін бақылау әдістері де, рандомизация да қолданылды.
Зерттеу нәтижелері бойынша әр кесе кофеден теломерлердің ұзындығы азаяды, бұл шамамен 0,12 жыл биологиялық жасты жоғалтуға сәйкес келеді.
Зерттеуде еритін кофеге ерекше назар аударылды. Статистикалық талдау бойынша еритін кофенің әр кесесінде теломерлердің ұзындығы шамамен 0,38 жыл ішінде болатын табиғи қартаю процесіне ұқсас қысқарған.
Алайда ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижелері кофенің өмір сүру ұзақтығын тікелей қысқартады дегенді білдірмейді. Зерттеушілер еритін кофені үнемі ішу биологиялық қартаю процестерін жылдамдатуы мүмкін деген болжам жасады.
Оқи отырыңыз: 100 жастағы мұғалім ұзақ өмір сүруінің құпиясын атады
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!