“Ертерек неге айтпадыңдар?“ Тамара Асар қызының туған күнін тойлады

“Ертерек неге айтпадыңдар?“ Тамара Асар қызының туған күнін тойлады

Танымал қазақстандық әнші Тамара Асар қызының туған күнін қалай тойлағаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Әнші Астанада туыстары мен достарын мейрамханаға шақырып, қонақ қылған. Оған себеп - қызының туған күні. 

"Сыйға - сый, сыраға - бал. Бапасы солтүстікте, мен батыста мұнайшылар мерекесіне орай жолда болғасын, Ажарлымыздың туған күнін алдын ала жоспарлай алмадық. Бас-аяғы 2-3 сағат қалғанда Астанадағы отбасылық дос-жақындарға телефон шала қойып едік. Бәрі бір ауыздан келе қалды. "Ертерек неге айтпадыңдар?" деп бөтен өкпе айтпастан, шақырғанда жүгіріп келе қоюдың өзі бір бөлек қуаныш екен. Рақмет ниеттеріңізге тілекшілеріміз. Сіздердің де 24/7 іздесеңіздер, шақырсаңыздар келе қалатын дос-жаран, туыстарыңыз болсын", - деп жазды ол.

Желідегі оқырмандары мен әншінің тыңдармандары жақсы тілек жазып жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!