Ертеңнен бастап Қазақстанда бірқатар жол ақылы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, 10 шілдеден бастап Қарағанды - Балқаш - Бұрылбайтал және Бұрылбайтал - Құрыл учаскелері ақылы жүйеге көшеді.
Қарағанды - Балқаш - Бұрылбайтал жолының ұзындығы - 645 шақырым. Рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 140 шақырым. Алайда көлігі Бұқар жырау, Абай, Шет, Ақтоғай, Мойынқұм, Жамбыл ауданы, Балқаш пен Приозерск қалаларында тіркеуде тұрған жүргізушілерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Ал Бұрылбайтал - Құрты бағытындағы ақылы жолдың ұзындығы - 80 шақырым. Мұнда да жылдамдықтың шекті мөлшері - сағатына 140 шақырым. Жамбыл және Іле аудандарында тіркелген көлік иелері абоненттік төлем рәсімдей алады.
Сондай-ақ, 11 шілдеден бастап Талдықорған - Өскемен бағыты да ақылы болады. Рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 110 шақырым.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!