Ертең Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау президенті келеді

18 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

Гвинея-Бисау - Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Сенегалмен және Гвинеямен шектеседі. Аралдық Гвинея құрамына Бижагос аралдары кіреді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!