- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ертең Қостанай мен...
Ертең Қостанай мен Ақтөбеде қар, ал Атырауда нөсер жаңбыр жауады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 сәуірде республиканың 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүсік бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанайда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде шаңды дауыл. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі.
Ақтөбеде 14 сәуірде күндіз қатты жауын-шашын (күндіз жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте 14 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан