Ертең Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМҚ мамандары ертең, 23 қазанда еліміздің 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктердің мәліметінше, республиканың кей өңірінде жаңбыр және қар жауады, көктайғақ болады, ал кей облыстарда тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-18 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!