- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
Ертең қай өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, ертең, 13 қарашада еліміздің кей өңірінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда кешке қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан