"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 11 ақпанда еліміздің сегіз өңірінде тұман, көктайғақ және бұрқасынға байланысты дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, таңертең және күндіз орталығында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының батысында түнде тұман түседі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с-ке жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!