Ертең бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, үсік болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамына қарағанда, кей өңірде қар аралас жаңбыр жауып, үсік болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік болады.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр, Алматының және облыстың таулы аудандарында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Алматыда кей уақыттарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 18 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысында батыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!