Дүйсенбі, 13 шілдеде Астанада электр энергиясы мен ыстық су өшіріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үйдің мекенжайына байланысты кесте мынадай болады: сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, 08:00-ден 18:00-ге дейін, сондай-ақ 13 шілде сағат 00:30-дан 15 шілде 17:00-ге дейін және 13 шілде сағат 08:00-ден 17 шілде 23:59-ға дейін.
Бұған желілердегі жұмыстар себеп болып отыр: ревизия жасау, құбыр қию, ауыстыру, сондай-ақ, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар мен сынақтар жүргізіледі.
Сондай-ақ, дүйсенбіде Астанада электр энергиясы да өшіріледі. Үйдің мекенжайына байланысты жарық мына кесте бойынша болмайды: 08:30-дан 16:30-ға дейін, 08:30-дан 18:00-ге дейін және 09:00-ден 16:30-ға дейін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!