Ертең Алматыда сирена қосылады

Ертең Алматыда сирена қосылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 сәуірде сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізіледі. 28 сәуірден бастап радиоарналарда жаттығу туралы ақпарат пен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар беріле бастайды.

"Жаттығу күні қаланың хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық дауыс құрылғылары жұмыс істейді, телеарналарда хабар тарату тоқтатылып, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі. "Баршаның назарына!!!" деген дыбыстық сигналды естігенде төтенше жағдай туралы ескерту ретінде теледидарды, радионы қосып немесе интернет ресурстарды тексеріп, әрі қарайғы әрекет бойынша нұсқаулықтармен танысу қажет. Жаттығуға дейін дабыл шабаданын дайындап, электр желілері мен ғимараттардан алыс қауіпсіз орынды анықтап алыңыз. Алматыда 384 халықты қабылдау пункті жұмыс істейді. Қабылдау пункттері туралы толық ақпаратты 2ГИС картасынан немесе Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және әкімдіктің ресми сайттарынан табуға болады. Азаматтарды сабыр сақтауға және сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз", - деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget