Синоптиктердің болжамынша, ертең, 11 қаңтарда елдің 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының тау асуларында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының шығысында тұман.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!