Аптап ыстықта жұмыс істеген кезде әл-ауқатыңызға ерекше назар аударуды қажет. Дәрігер Любовь Дроздова денсаулыққа зиян тигізбей қалай жұмыс істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru сілтеме жасап.
Жеңіл, жұқа киім киіңіз. Мақта сияқты табиғи маталардан тігілген киім терінің тыныс алуына және денені салқындатуға мүмкіндік береді.
Салқын сусын ішіңіз. Шөлді салқын сусынмен немесе лимон мен жалбыз қосылған сумен басыңыз. Бұл сусын сергітіп қана қоймай, ылғалдандыруға көмектеседі. Ал кофеин мен алкогольді тым көп ішпегеніңіз жөн.
Ыстық бөлетін электр құрылғыларын пайдалануды азайтыңыз. Пеш секілді бөлменің температурасын көтеретін техникаларды пайдаланбаңыз.
Сусыздану қаупі жоғарылайды. Температура жоғарылаған сайын адам көп терлеп, ағзадағы сұйықтық азаяды, салдарына ағза сусызданады.
Зорығу және әлсіздік. Ыстық шаршауды күшейтеді және жалпы өнімділікті төмендетеді.
Жылу соққысының қаупі. Ыстықта ұзақ уақыт жұмыс істеу денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін жылу соққысының қаупін арттырады.
Жазда сіздің әдеттеріңіз бен күнделікті режиміңізді температура режиміне бейімдеу өте маңызды.
Таңертең ерте оянып, жұмысты бастау. Жұмыс күнін таңертеңгі уақытта, температура әлі жоғарыламаған кезде бастау өте қолайлы.
Күндізгі ұйқы. Мүмкіндік болса, күш жинау үшін күннің ең ыстық уақытында аз уақыт көз іліп алыңыз.
Кешкі уақытта тыныш жұмыс істеу. Кешке уақытты шұғыл емес тапсырмаларды орындау үшін де пайдалануға болады.
Жеңіл кешкі ас және ерте ұйықтау. Ұйқы мен тамақтану режимін сақтаңыз, ұйықтар алдында артық тамақтанудан аулақ болыңыз.
Салауатты стресс адамды ынталандыруы мүмкін, бірақ шекті білу де маңызды.
Денеңізді тыңдаңыз. Егер сіз тез шаршайтын болсаңыз, басыңыз ауырса немесе бір дүниеге зейін қоя алмасаңыз, бұл демалу қажеттілігін білдіреді.
Ақылға қонымды шекті белгілеңіз. Шаршаудың алдын алу үшін күніне 8-10 сағаттан артық жұмыс істемеңіз.
Өзіңізді қалай сезініп отырғаныңыз мән беріңіз. Егер стресс физикалық немесе психологиялық мәселенә тудыра бастаса, бұл күйзелістің айқын белгісі, сондықтан демалу немесе жұмыс кестесін қайта қарау қажет.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!