Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы жақында тұрмыс құрып, ұзатылады. Өнер иесінің келіншегі Фариза Жұманова бұл қуанышты жаңалыққа қатысты желіде әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің қызы Маңғыстау өңірінің келіні атанбақ.
"Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей. Тақсырға көрсетпей жылап аламын. Симби қызым, бақытты бол. Менімен танысқанда 9 жасар құттай бөпе едің. Енді міне бойжетіп, өз теңіңді тауып жатырсың. Аллам бақыт бергей", – деп жазды Фариза.
Одан кейін қызымен сөйлескен хабарламаны да жариялап, көзді ашып-жұмғанша бойжеткен қызына бақыт тіледі.
"Сенің осынша ерте кететініңді білгенде қасыма алып жататын едім", – деп жазған блогер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!