- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ерте кететініңді білгенде..."...
"Ерте кететініңді білгенде..." Абай Бегейдің келіншегі қызына әсерлі жазба арнады
Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы жақында тұрмыс құрып, ұзатылады. Өнер иесінің келіншегі Фариза Жұманова бұл қуанышты жаңалыққа қатысты желіде әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің қызы Маңғыстау өңірінің келіні атанбақ.
"Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей. Тақсырға көрсетпей жылап аламын. Симби қызым, бақытты бол. Менімен танысқанда 9 жасар құттай бөпе едің. Енді міне бойжетіп, өз теңіңді тауып жатырсың. Аллам бақыт бергей", – деп жазды Фариза.
Одан кейін қызымен сөйлескен хабарламаны да жариялап, көзді ашып-жұмғанша бойжеткен қызына бақыт тіледі.
"Сенің осынша ерте кететініңді білгенде қасыма алып жататын едім", – деп жазған блогер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы