Ерте қартаюдың алдын алатын жаңғақ түрлері аталды

Ерте қартаюдың алдын алатын жаңғақ түрлері аталды
Фото: elements.envato.com

Испания мен Уругвай ғалымдары зерттеу жүргізіп, ерте қартаюдың алдын алуға көмектесетін жаңғақ түрін анықтады. Зерттеу нәтижелері GeroScience журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап. 

Зерттеу қалай жүзеге асты?

Зерттеушілер талдау үшін жасы 40 пен 70 жас аралығындағы 50 386 қатысушыны таңдап алды. Сол жерден зерттеушілер сауалнамаға қатысушылардың денсаулығы мен өмір салты туралы деректер жинады. Қатысушылар арасында деменция белгілері бар адамдар болмады. 

Жаңғақтарды тұтыну сауалнама арқылы бағаланды. Қатысушылардан әртүрлі тағамдарды, соның ішінде жаңғақтарды қаншалықты жиі жейтіндері сұралды.

Осы деректерге сүйене отырып, барлық қатысушылар екі топқа бөлінді: кейбіреулерінің күн сайын жаңғақ жейтіні, ал басқалары мүлде жемейтіні белгілі болды. 

Егжей-тегжейлі талдау үшін зерттеушілер адамдарды одан әрі үш топқа бөлді: біріншісіне жаңғақтарды пайдаланбайтындар, екіншісіне күніне бір уыс жейтіндер, үшіншісіне бір уыстан көп жейтіндер кірді.

Ғалымдар нені анықтады?

Зерттеу шараларының соңына қарай 1422 адамның деменцияға шалдыққаны белгілі болды. Деректерді талдап, салыстырғаннан кейін ғалымдар жаңғақтарды үнемі тұтыну ерте қартаюдың даму қаупін 12%-ға төмендетуге көмектесетінін білді. 

Ғалымдар күніне бір уыс жаңғақ жейтіндердің ағзасынан ерекше даму байқады. 

Нені білген абзал?

Дәрігерлер миндаль мен кешью жаңғағын таңдауды ұсынады. Сонымен қатар тұзсыз жаңғақтарды сатып алу пайдалырақ, әйтпесе натрийдің тым үлкен дозасы қан тамырларына зиян келтіруің мүмкін. 

Дегенмен зерттеушілер ағзаны тек жаңғақтармен шектеуге болмайтынын айтты. Басқа да тиімді алдын алу шаралары бар. Темекіні, дұрыс ұйқы режимін және алкоголь тұтынуды тоқтатқан тұрақты физикалық белсенділікпен айналысатын адамдар жаңғақтың пайдасын көбірек алатынын байқады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин