Ерсайын Нағаспаев бұрынғы лауазымын сақтап қалды

Ерсайын Нағаспаев бұрынғы лауазымын сақтап қалды
Фото: primeminister.kz

Ерсайын Нағаспаев бұрынғы лауазымын сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламда.

Ерсайын Нағаспаев 2021 жылғы сәуірден бастап "ҚТЖ" ұлттық компаниясында жұмыс істеді. Кейінгі уақытта "ҚТЖ "ҰК" АҚ-да жаңа жобалар бойынша басқарушы директоры болды.

Ал 2025 жылы өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget