Ернұр Жәутікбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ернұр Жәутікбаев Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ернұр Бөкенбайұлы Жәутікбаев сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің бұйрығымен Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ол бұған дейін Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ернұр Жәутікбаев туралы не белгілі?

Ол 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығы, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. ХҚКО жүйесінде үш жылдан аса қызмет етіп, Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО директорының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
  • 2011 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратына жұмысқа ауысып, Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы болды.
  • 2012 жылы Алматы қаласы аумақтық жер инспекциясының мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
  • 2014 жылы Өңірлік даму министрлігінде жұмыс істеді.
  • 2014-2016 жылдары - Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы.
  • 2016-2018 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Кадрлық ресурстарды дамыту басқармасының басшысы.
  • 2018-2019 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрон өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары.
  • 2019-2021 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
  • 2021-2023 жылдары - Павлодар облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.
  • 2023 жылдан осы уақытқа дейін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!