- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерінге ауыздық не...
Ерінге ауыздық не үшін шығады?
Ерінге ауыздық шығып кетсе, ол ауырады және эстетикалық тұрғыда жағымсыздық сыйлайды. Ерін ұштары не үшін жарылады және оны қалай кетіруге болады?
Ауыздық деген не?
Ауыздық - ауыз ұштарындағы кішкентай жырықтар. Ол әдетте стрептококк немесе кандида саңырауқұлағы әсері салдарынан пайда болады.
Ауыздық түрлі факторлар себебінен пайда болуы мүмкін. Ауыздықты бірінші және екінші реттік деп бөледі. Егер ауыздық бірінші реттік болса, дәрігер оның себебін анықтайды: саңырауқұлақты, вирусты, бактериялық. Стрептококк бактериясы әсерінен ауыздыққа сарғыш-қызыл қабық пайда болады. Саңырауқұлақты ауыздықтың қабығы болмайды және ауыздық созылмалыға айналады. Ал вирусты ауыздық, әдетте, герпес вирусы себебінен пайда болады.
Ауыздық не үшін пайда болады?
Ауыздықтың пайда болуына әртүрлі фактор әсер етуі мүмкін:
- иммунитеттің түсіп кетуі;
- дәрумендер мен микроэлементтер жетіспеушілігі;
- үнемі сілекейдің көп бөлінуі немесе ауыз айналасының үнемі ылғал болуы;
- нақты өнімдерге және косметикаға аллергия;
- антибиотикті ұзақ ішу;
- түрлі бактериялық жұқпалар;
- ауыз қуысының дұрыс емес күтімі;
- асқазан аурулары;
- созылмалы аурулар (мысалы, диабет, анемия, бауыр ауруы);
- зиянды әдеттер, салауатты өмір салтын сақтамау пайдалы элементтердің сіңуіне кедергі келтіреді, ал ол ауыздықтың пайда болуына әкеледі;
- жуылмаған немесе дұрыс жуылмаған жемістер мен көкөністер жеу.
Ауыздықты қалай емдеу керек?
Ауыздықтың ауырсынуын басу үшін және ол жылдам жазылу үшін мына ұсыныстарды сақтаңыз:
- Ерінге арналған бальзам немесе майды жиі жағыңыз. Оны әсіресе, ұйықтар алдында және тамақ жегеннен кейін, су ішкеннен кейін жағып алыңыз.
- Ерін терісін тітіркендіретін аллергендері немесе химиялық заттары бар агрессиялық химиялық заттардан аулақ болыңыз.
- Күні бойы суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Бұл терінің ылғалдылық деңгейін сақтауға көмектеседі.
- Дәрумендер мен минералдарды жеткілікті мөлшерде алу үшін рационыңызға мән беріңіз. Әсіресе, В тобының дәрумендеріне және темірге бай өнімдерін тұтыныңыз. Олар тері саулығы үшін өте қажет.
- Ерніңізге құрамында спирті немесе жасанды хош иістендіргіштері бар косметикалық құрал жақпаңыз.
Егер ауыздық кетпесе және созылмалыға айналса, дерматолог дәрігерге қаралу ұсынылады. Дәрігер оның пайда болу себебін анықтап, сәйкесінше ем ұсынады: ол сізге қажет дәрілер мен дәрумендер жазып беруі мүмкін.
Адамға темір жетпейтінін білдіретін 8 белгі
А. Жапатова