Ернар Лазар Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Ернар Лазар 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Бұған дейін 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова