- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ернар Лазар Президент...
Ернар Лазар Президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Ернар Лазар Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 4 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Дәулетбек Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова