- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ернар Баспаев Президенттің...
Ернар Баспаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ернар Баспаев 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 2001 жылы Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің жетекші маманы болып бастаған. 2002 жылдан 2006 жылға дейін Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасының бас маманы, бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің басқарма басшысы болды. Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. 2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова