Ернар Айдардың концертінде қызық оқиға болды

Ернар Айдардың концертінде қызық оқиға болды
Фото: Instagram

Танымал әнші Ернар Айдардың концерті кезінде қызық оқиға болды. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Концертте Ернарайдар Серікұлы есімді кішкентай бала сахнаға шыққан. Әнші оған тілегін айтып, ақ костюмін сыйға тартқан. Оның үстіне, балақай дайындалып шыққан. Кішкентай кезіндегі суретін, үстіне Ернарайдар деген жазуларды жабыстырып алған әрі туу туралы куәлігін де ала келген.

"Не деген дайындық, міне қызық,

Серікұлы Ернарайдар таңғалдырды.

Концертім кереметке күшті ұласып,
Таныстым бауырыммен мықтыға асық.
Үстіне шапанымды жаптым сосын,
Құшақтап, қолымызды қысқыласып!
Атыңды Ернарайдар деп қойыпты,
Мендей емес, менен де түскін асып", - деп жазған әнші Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?ℝℕ?ℝ ????ℝ ?? (@ernaraidar_kz)

Әншінің оқырмандары арасында ұлына Ернар есімін бергендер көп екен.

"Менің де ұлым Ернар, сендей болсын деп өзім қойғанмын. Сенің әніңді тыңдап жүріп босанғам. Қазір жасы 8-де. Ернар Айдарұлы - ұлым", "Баланың түрі де өзіңізден айнымай ұқсап тұр ғой", "Менің баламның аты - Ернар, әкесі - Айдар. Осы Ернарға ұқсасын деп қайынсіңлім Ернар деп қойды. Ернар Айдарұлы", - деп жазған пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова