Ермұрат Бапи денсаулығына байланысты Еуропаға жол жүргелі жатыр

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи "улану" салдарынан Еуропаға емделуге кетті" деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Улану - жай ғана болжам. Біздің дәрігерлеріміз мені тексергенде, қаннан паразиттерге дейін барлық анализді тапсырғанда, ештеңе таба алмады. Содан кейін молекулалық-жасушалық тексеру деген мәселе туындады. Улаған болуы мүмкін деген болжам айтылды, (ештеңе- еск.) табылған жоқ.

Осылайша, қалай емдеу керек деген сұрақ та туындады. Біз жасушаны тексеру үшін клиникада тексерілуді шештік, сондықтан диагностикаға барғалы жатырмын. Әзірге емделу үшін емес, алдымен бұл не екенін білу керек. Еуропаға енді барғалы жатырмын. Наурыздан бастап мені осы жайт мазалап жүр", - деді Бапи Tengrinews.kz-ке.

Депутаттың айтуынша, қазір денсаулығы жақсы, бірақ қауіп бар.

Бапи - 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Мәжіліс депутаты. Бұрын "ДАТ" газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген. Ол ескі Қазақстан туралы өткір пікір айтып, ашық сынайды.

Еске салайық, бұған дейін депутат улаған деген күдік барын айтқан еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!