Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы лауазымын сақтап қалды

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы лауазымын сақтап қалды
Фото: ҰҚК

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы лауазымын сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ермек Сағымбаев туралы не белгілі?

Ол 1967 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын (1992 жыл); әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 жыл); ҚР Ұлттық қорғаныс университетін (2021 жыл) бітірген.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік органдарында, Мемлекеттік күзет қызметінде жұмыс істеген. 2022 жылғы қаңтардан бастап ҰҚК төрағасы болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget