Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы туған. Ол - Целиноград қаласының тумасы. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), Тұран университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.
Еңбек жолын 1991 жылы Астанада № 29 орта мектепте денешынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.
1992-1993 жылдары Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентiнде № 7 орта мектептің тарих мұғалiмi, 1993-1994 жылдары "Шонай" ШЖК директоры, 1994-2008 жылдары "Береке-Бурабай" ЖШС директоры болды.
2008-2012 жылдары Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмі, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi, 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары қызметтерін атқарды.
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы болды.
2015-2019 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi болса, 2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!