Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", -делінген хабарламада.
2023 жылғы 16 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!