- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерлан Тұрғымбаев қызметінен...
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетті
Ерлан Тұрғымбаев Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметке 2022 жылғы ақпанда келген еді. Ал 2019-2022 жылдары ішкі істер министрі болып жұмыс істеді.
Ж. Қадыржанова