Ерлан Сәрсембаев әділет министрі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әділет министрін тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ерлан Сәрсембаев бұған дейін Конституциялық соттың судьясы болды. Ал оған дейін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Бұған дейін әділет министрі кім болды?

Еске салайық, бұған дейін әділет министрі қызметін Азамат Есқараев атқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 9 қаңтарда Есқараевты министр қызметінен босатты.

Азамат Есқараев 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап әділет министрі лауазымына тағайындалған болатын.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз