Ерлан Сәрсембаев әділет министрі болып қайта тағайындалды

Ерлан Сәрсембаев әділет министрі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ерлан Сәрсембаев бұған дейін Конституциялық соттың судьясы болды. Ал оған дейін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2025 жылы әділет министрі болып тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!