Вице-президент Ерлан Қарин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вице-президент халықаралық киножобаның түсірілім тобы мүшелерімен кездесті.
Кездесуге әлемге әйгілі режиссер, актер Джеки Чан, сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық продюсерлер Эсмонд Рен, Рүстем Омаров, Игорь Цай және Орынбасар Құдайбергенов қатысты.

Кездесу барысында кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ, бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланған.
Кездесу соңында Ерлан Қарин Джеки Чанға Қазақстанға деген айрықша ықыласы үшін алғыс айтып, жобаға қатысушылардың алдағы шығармашылық жұмысына табыс тіледі.
Айта кетейік, танымал актер Джеки Чан түсетін Armour of God: Ultimatum атты халықаралық фильмнің түсірілімі биыл шілде мен қазан аралығында Қазақстан аумағында өтті. Картинаның қоюшы режиссері - Роберт Кун. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін Джеки Чан Алматыда жастармен кездескені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова