Ерлан Каналимов Астана мәслихатының төрағасы қызметінен кетті

Ерлан Каналимов Астана мәслихатының төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Астана қаласы мәслихатының VIII сайланым төрағасы ретіндегі қызметіміз басқа қызметке ауысуыма байланысты аяқталды. Осы жылдар ішінде елдің аманатын арқалап, халықпен бірлесе еңбек еттік. Ұлы Абайдың "Халық үшін қызмет қылсаң, халқың сүймек" деген сөзін ту еттік. Астана қаласы мәслихатының төрағасы ретінде басты ұстанымымыз - ашықтық пен жауапкершілік болды. Халыққа жақын болуға, мәселелердің шешімін бірге табуға мән бердік. Мәслихат отырыстарын тікелей эфирде өткізіп, әр депутаттың байланыс дерегін қолжетімді еттік", - деп жазды Ерлан Каналимов.

Еске салайық, Ерлан Каналимов 2023 жылдың наурыз айында елордалық мәслихаттың төрағасы болып бірауыздан қайта сайланған болатын. Ол өткен шақырылымда да Астана мәслихатының төрағасы болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!