- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерлі-зайыпты секс-притон ашып...
Ерлі-зайыпты секс-притон ашып алған
Полицейлер ерлі-зайыпты ұйымдастырған секс-притонды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, осы істі ұйымдастырған жеті адамнан тұратын топ әшкереленген.
"Ерлі-зайыпты табыс табу мақсатында қонақүй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ерлі-зайыпты әкімші, такси қызметіне жақын туыстарын тартқан", - деді Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифинг барысында.
Интим қызмет көрсеткен қыздар таныстары арқылы жұмысқа алынған. Олар келісімшарт бойынша қонақүйде тұрып, тапқан ақшаның жартысын алуға келіскен.
Полиция мәліметінше, ұйымдастырушылар қыздарды ұзақ уақыт ұстау үшін қарызға батыру әдісін қолданған. Алайда оқиға қайда болғаны айтылмаған.
"10 қыз 5 мың мен 40 мың теңгеге дейінгі ақыға қызмет көрсеткен. Қызмет көрсету үшін топ тек түнде, яғни кешкі сағат 21.00-ден таңғы 5-ке дейін жұмыс істеген. Күніне 50-ге жуық адам келетін болған", - деді ІІМ өкілі.
Күдіктілер қамауға алынған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова