- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерлі-зайыпты, олардың баласы...
Ерлі-зайыпты, олардың баласы қаза тапқан: Атырауда жантүршігерлік оқиға тергеліп жатыр
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Атырау облысының полициясы екі адамның өлімі мен суицид дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ қайтыс болған ер адам мен әйелдің ұлының денесі табылған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген, содан кейін өз өмірін қиған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жарияламады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова